Күзетші дау шыққан мекемеде 2023 жылы жұмыс істеген екен. Әріптестерінің айтуынша, психикалық ауытқуы болуы мүмкін.
"Бала-шағасы бар-жоғын білмеймін. Естуімше, жалғыз тұрады, үш бөлмелі пәтері бар. Әпке-жездесі бар екен, бірақ олар бөлек тұрады екен. Әке-шешесі жоқ. Бізге мәйітхананың ішіне кіруге рұқсат жоқ. Біз сыртта қақпаның есігін ашамыз, жабамыз. Бірақ ол кісі сол кезде жұмыста болған, сол сәтте ғимаратқа кірген шығар. Бәлкім сол кезде өзінің әрекетін іске асырған. Мен кеше ғана естідім де таңғалдым. Ол кісі психикалық ауытқуы бар адамдардың есебінде тұрған дейді. Өйткені кішкентай балаларды жыныстық қатынасқа тартқан деп естідім", – деді мәйітханадағы күзетші әйел.