Майқайың кенішіндегі апат: "Құтқарушылар өте қиын жағдайда жұмыс істеп жатыр"

1875

Бүгінгі таңда автобус пен екі адамды іздестіру жұмысы жалғасуда. 

Майқайың кенішіндегі апат: "Құтқарушылар өте қиын жағдайда жұмыс істеп жатыр" Фото: Павлодар облыстық ТЖД

Төтенше жағдайлар вице-министрі Бауыржан Сыздықов Мәжіліс кулуарында Майқайың кенішіндегі апатқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қиын жағдай екені өздеріңізге белгілі. Себебі мамандар жердің скринін жасаған кезде, яғни жерді арнайы техникамен қарағанда автобустың шамамен қай жерде екенін анықтады. Құрылғы онда металлдың бар екенін көрсетіп отыр. Алайда бәлкім бұл автобус астында бос кеңістік болуы да мүмкін. Барлық құтқарушы, әкімдік пен басқа да мемлекеттік органдардан жұмылдырылған қызметкерлер қиын жағдайда жұмыс істеп жатыр. Қазір ол жерде температура түсіп кеткен. Құтқарушылардың өмірі мен денсаулығына қауіпті. Егер жердің астында қандай да бір қозғалыс болатын болса, жұмыс істеп жатқан адамдар да жердің астына қарай түсіп кетуі мүмкін", - деді вице-министр.

Ведомство өкілінің сөзінше, автобустың астыңғы жағындағы тереңдіктің қандай екені белгісіз.

"Сол себептен де құтқарушыларымыз өте қиын жағдайда жұмыс істеп жатыр. Әрине техникалық қауіпсіздік ережелері сақталып отыр. Бүгінде автобус түсіп кеткен орынның көлденең жағы анықталды. 2000 текше метр астам топырақ қазылды. Күні кеше 5 текше метрлік экскаватордың жұмыс істеуіне жол аштық", - деді Бауыржан Сыздықов.

Вице-министр бұл оқиғаға қатысты оң болжам барын айтты. Алайда адамдарды шығарып алу күні мен уақыты туралы айту әлі ерте, деп жалғастырды ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу