"Майқайыңалтын" АҚ кенішінде іздеу жұмыстары жүргізілген жерде бүгін жаңа бөлшектер, яғни құтқарушының каскасы, автобустың ішкі сөресі есігінің кішігірім бөлігі және құтқарушының "XFERRA" қол радиостанциясы табылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.
""Майқайыңалтын" АҚ кенішінде іздеу жұмыстары жүргізілген жерде бүгін жаңа бөлшектер, яғни құтқарушының каскасы, автобустың ішкі сөресі есігінің кішігірім бөлігі және де құтқарушының "XFERRA" қол радиостанциясы табылды. Бұл заттар жердің бетіне көтерілді", – деп жазды аймақ басшысы.
Еске сала кетейік, бұған дейін құтқарушылар автобустың үлкен бөлшегін –дөңгелекті тапқан болатын. Қаза тапқан құтқарушылардың отбасына 4,5 миллион теңге көлемінде материалдық көмек көрсетілді. Оның ішінде "Майқайыңалтын" АҚ екі миллион теңге төледі, кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталығы бір миллион 846 мың теңге мөлшерінде материалдық көмек көрсетті.