Майқайың кентінде төтенше жағдай жарияланды

414

Майқайың кентін сумен жабдықтайтын құбырдың жарылуы жергілікті деңгейде төтенше жағдай жариялауға себеп болды.  

Майқайың кентінде төтенше жағдай жарияланды Фото: 24.kz

Коммуналдық апатты жою жұмыстары бес күннен бері жалғасып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz 24.kz телеарнасына сілтеме жасап.

"Екібастұз қалалық су арнасы" мемлекеттік мекемесінен шығатын магистраль "Богатырь Көмір" кенішін басып өтеді. Қазір кенішке су беру де уақытша тоқтатылған. Ал Майқайыңға тіршілік нәрі төмен қысымда келіп жатыр. Жөндеу жұмыстарына 143 адам, 60 бірлік мамандандырылған техника жұмылдырылған. Су құбырының жалпы ұзындығы - 60 шақырым. Он мыңдай халқы бар ауыл халқы тәулігіне 250 текше метрдей су тұтынады. Қазір тіршілік нәрінің бір тәулікке жететін қоры жасақталған. Резервуарларға су тұрақты түрде толтырылып жатыр.

Павлодар облысы әкімі баспасөз қызметінің бас маманы Жансерік Қабзолланың айтуынша, жекелеген учаскелерде құбырдың айналасындағы топырақты көмір және ағаш шпалдарды жағу арқылы жылытуда. Қазіргі уақытта 5 учаскеде құбырды жылыту жұмыстары жүргізілуде. Яғни бұл жер асты және жер үстіндегі құбырлар. Анықталған ақауды жою бойынша жұмыстарды жүргізу кезінде барлығы 4 шақырымға жуық құбыр жылытылды. Майқайың кентіне қазір су төменгі ең төменгі қысымда беріліп жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін Майқайың кентінде тұрғындар судан таршылық көріп отырғанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу