Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов Майқайыңдағы үйінді астында қалған екі адамды іздеу жұмыстары қашан басталатынын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Сөзінше, қазір іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін қауіп-қатерді бағалау бойынша сараптама жүргізіліп жатыр.
"Өйткені жердің опырылу қаупі бар. Іздеу жұмыстарымен айналысатын құтқарушыларымыздан да айырылып қалуымыз мүмкін. 30 наурызға қарай сараптама жұмыстары аяқталады. Тиісінше іздеу жұмыстарын қайта жандандыру, жалпы жұмысты қалпына келтіру бойынша әрі қарай шешім қабылдайтын боламыз", - деді ТЖМ басшысы.
Айта кету керек, осыған дейін Майқайың кен орнындағы іздестіру жұмыстары шұғыл тоқтатылғанын жазған болатынбыз.