Майқайыңдағы құтқарушылар өлімі: сот үкімі шықты

71

Барлық алты сотталушы "тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік қағидаларын бұзу, абайсызда екі немесе одан көп адамның өліміне әкеп соққан іс-әрекет" бабы бойынша айыпталған еді. 

Майқайыңдағы құтқарушылар өлімі: сот үкімі шықты Фото: pavon.kz

Майқайыңдағы 4 құтқарушының өлімі бойынша қозғалған қылмыстық істі қараған сот Екібастұз қаласында айыпталғандарға үкім шығарды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Судья бес айыпталушыға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаса, тағы біреуінің бостандығы шектелді. Атап айтқанда:

– "Майқайыңалтын" АҚ-ның бұрынғы бас директоры – 4 жыл
– Бас директордың бұрынғы бірінші орынбасары мен кеніштің экс-директоры – 3,5 жыл
– Кеніш директорының бұрынғы орынбасары мен бас инженері – 3 жыл
– Кеніштің бұрынғы директоры (75 жаста) – 3 жылға бостандығы шектелді

Судья Айжан Байгоншекова атап өткендей, кінә сот тергеуінде куәгерлер мен мамандардың айғақтарына сүйене отырып дәлелденген.

Сот жәбірленушілердің моральдық зиянды өтеу талаптарын қанағаттандырмады. Сот бұған дейін сотталушылардың ерікті түрде өтемақы жасағанын негіз етті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу