Маймыл шешегі індетінің Қазақстанға келу ықтималдығы қандай?

295

Вирустың негізгі белгілері аталды. 

Маймыл шешегі індетінің Қазақстанға келу ықтималдығы қандай? Фото: aikyn.kz

Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев әлемде маймыл шешегі бойынша қалыптасқан ахуалға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Маймыл шешегі – өте қатерлі вирустық сырқат. Қазір ол Африкада ғана емес, басқа да континенттерде пайда болғанын көріп отырмыз. Соңғы 2 жылдың ішінде 100-ден астам мемлекетте осы ауру түрі тіркелген болатын. Осы вирусты жалпы жүз мыңға жуық адам жұқтырған. Маймыл шешегі мониторингін бақылау үшін ең әуелі оның Қазақстанға кіру жолдарын бақылауымыз керек. Бұл әуежайлар, пойыз немесе автомбильдік жолдармен өтетін жерлер. Қазіргі уақытта онда термометрия құралдары қолданылады", - деді Тимур Сұлтанғазиев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Сөзінше, маймыл шешегінің негізгі белгілеріне дене қызуының көтерілуі, теріде түрлі дақтардың пайда болуы жатады.

"Маймыл шешегіне қатысты елімізде клиникалық хаттама бекітілген. Алайда оның спецификалық емі, профилактикалық жолдары, вакцинациясы жоқ. Сондықтан қазіргі уақытта бізде қажетті ПТР тестілер сатып алынуда. Болашақта Қазақстанда тестілер болатынын атап өткім келеді", - деді бірінші вице-министр.

Айта кету керек, осыған дейін Швецияда маймыл шешек вирусының алғашқы жағдайы тіркелгенін жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу