Швецияда маймыл шешек вирусының алғашқы жағдайы тіркелді

282

Пациент ем қабылдап жатыр.

Швецияда маймыл шешек вирусының алғашқы жағдайы тіркелді Фото: © istockphoto.com / Mustafa Kaya

ДДСҰ Швециядағы науқастың жұқпалы ауруы mpox вирусынан, яғни маймыл шешегінен туындағанын растап отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты DW-ге сілтеме жасап.

Ресурстың жазуынша, науқас Clade Ib жаңа вирус штаммын Африкаға сапары барысында жұқтырған. Бұл туралы ВВС хабарлады. Науқас дәрігерлердің бақылауында, ол ем қабылдап жатыр. Басқа елдерде mpox вирусының анықталғаны бойынша ақпарат шықпады.

Жақында ДДСҰ Африкада маймыл шешегінің таралуына байланысты қауіптің ең жоғары деңгейін жариялады.

Mpox вирусы адамға жұқтырған жануарлардан жұғады, бірақ физикалық байланыс арқылы адамнан адамға да жұғуы мүмкін. 

Айта кету керек, Африкада маймыл шешек ауруы белең алып баратынын жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу