Маймыл шешегі: Шетелге саяхаттаушыларға кеңес, Қазақстан және әлемдегі бүгінгі ахуал

1043

Бүгінгі күні Қазақстанда маймыл шешегі (monkeypoxes – MPXV ауруына күдікті жағдай тіркелген жоқ. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Маймыл шешегі: Шетелге саяхаттаушыларға кеңес, Қазақстан және әлемдегі бүгінгі ахуал
>"Мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттерінде санитариялық-карантиндік бақылау орындалады. Мемлекеттік шекарада қашықтық термометриясы арқылы аса қауіпті ауруларға күдікті адамды анықтау (әкелудің алдын алу) бойынша іс-шаралар жүргізілуде. Жағдай Денсаулық сақтау министрлігінің тұрақты бақылауында", – деп хабарлайды ведомствадан.
 
ШЕТ ЕЛДЕРГЕ ШЫҒАТЫН АДАМДАРҒА ҰСЫНЫМДАР.
 
Денсаулық сақтау министрлігі жазғы каникулдың және демалыс маусымының, басталуына байланысты мынадай кеңес береді:
 
1) Маймыл шешегінің өршуі тіркелген Батыс Африка елдеріне (Конго Демократиялық Республикасы, Конго Республикасы, Камерун, Орталық Африка Республикасы, Нигерия, Кот-д'Ивуар, Либерия, Сьерра-Леоне, Габон және Оңтүстік Судан) (әсіресе балалармен) бармауды ұсынамыз;
2) Шет елдерге шыққан кезде жабайы жануарлармен (приматтармен, кеміргіштермен) байланыс жасамау, стихиялық және көше саудасы орындарында тамақ ішпеу, тамаққа тек термиялық өңделген етті (өнімдерді) пайдалану, адамдар көп жиналатын орындарға барған кезде жеке профилактика шараларын (қашықтықты, маскаларды, дезқұралдарды) пайдалану, қол және тыныс алу ағзаларының гигиенасын сақтаңыз.
3) Егер сапардан келгеннен кейін 3 апта ішінде ауырсынуды, температураны, бөртпені (қызару, көпіршіктер және т.б.) сезінсеңіз, міндетті түрде шет елде болғаныңыз туралы хабарлап, тез арада жақын жердегі медициналық ұйымға хабарласыңыз. 
 
ӘЛЕМДЕГІ АХУАЛ
 
Маймыл шешегі, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының алдын ала дерегі бойынша, 14 елде тіркелді. Атап айтсақ, Испания – 40, Португалия – 23, Ұлыбритания – 20, Бельгия – 4, Канада – 6, Германия – 4, Италия – 3, Австралия – 2, Нидерланды – 2, АҚШ – 2, Израиль – 1, Франция – 1, Швейцария – 1, Швецияда – 1 жағдай. Жалпы 110 жағдай анықталды. Ауыру негізінен Батыс Африка елдерінде таралған (Конго Демократиялық Республикасы, Конго Республикасы, Камерун, Орталық Африка Республикасы, Нигерия, Кот-д’Ивуар, Либерия, Сьерра-Леоне, Габон және Оңтүстік Судан). Соның ішінде Нигерия мен Конгода өршіп тұр. 
 
Африкада маймыл шешегімен ауырғандар саны 2016 жылдан бері жылдам өсті, 20 есе көбейген. 
 
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының 20 мамырдағы дерегі бойынша, Конгода жыл басынан бері маймыл шешегінің 1,2 мың жағдайының тіркелгенін хабарлады. 58 адам қайтыс болған, өлім-жітім деңгейі 4,5 пайыз. 
 
БІЛЕ ЖҮРІҢІЗ!
 
Инфекция көзі. Маймыл шешегі ауруының негізгі көзі – жабайы жануарлар. Приматтар және кеміргіштер (тиіндер). Инфекция ауру жануардың қанымен немесе оның биологиялық сұйықтықтарымен байланыста болған кезде, сонымен бірге ауру жануардың етін жегенде жұғады.
 
Берілу жолдары.
1) Жабайы жануарлармен байланыста болу – приматтар (маймылдар) және кеміргіштер (тиіндер);
2) Маймыл шешегі ауруымен ауыратын адаммен тығыз физикалық байланыста болу (вирус организмге зақымдалған тері, тыныс алу жолдары, көз, мұрын және ауыз арқылы, сондай-ақ биологиялық сұйықтықтар арқылы енеді).
3) Ауа-тамшы жолымен (науқас адаммен жабық үй-жайда бірге болғанда) және терінің зақымдалуы арқылы немесе науқастың биологиялық сұйықтықтары бар заттарды ұстағанда жұғады. 
 
Клиникалық көрінісі. 
Инкубациялық кезеңі – 5 күннен 21 күнге дейін. Адамдардағы клиникасы – жоғары температура, дененің ауыруы, әлсіздік, бөртпе, құсу, лимфа түйіндерінің ұлғаюы, бастың айналуы. Аурудың ұзақтығы 2-3 апта, кездейсоқ өздігінен емделуі мүмкін. 
 
Профилактика. Маймыл шешегінің ең жақын туысы – табиғи шешек 1980 жылы ДДҰ ұйымдастырған Ғаламдық вакцинацияның көмегімен жойылған. Осы жылдан бастап шешекке қарсы вакцинация тоқтатылды. Ғалымдар табиғи шешекке қарсы вакцинаның қорғау әсерін дәлелдеді (АҚШ, Жапония, Еуропа және Ресейде тірі вакциналар бар (ACAM2000, LC16m8, IMVAMUNE, IMVANEX).
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу