Малайзияда 16 жасқа дейінгі балаларға әлеуметтік желіні қолдануға тыйым салынады

62

Бұл туралы елдің байланыс министрі Фахми Фадзил мәлімдеді.  

Малайзияда 16 жасқа дейінгі балаларға әлеуметтік желіні қолдануға тыйым салынады Фото: "Анадолы" агенттігі

Малайзия билігі 2026 жылдан бастап 16 жасқа толмағандарға әлеуметтік желілерді пайдалануға шектеу енгізуді жоспарлап отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты "Коммерсантъ" басылымына сілтеме жасап.

Шектеудің басты мақсаты – жастарды онлайн қауіптерден қорғау. Олардың қатарында балаларды қорқыту, қаржылық алаяқтық және сексуалды зорлық-зомбылыққа қатысты қатерлер бар.

Үкімет Аустралия және басқа елдердегі тәжірибені зерттеп, жас шектеулерін енгізудің техникалық тетіктерін қарастырып жатыр.

Жергілікті New Straits Times басылымының хабарлауынша, келесі жылы әлеуметтік платформалар электронды идентификация жүйесін енгізуге дайындалуы тиіс.

Алдағы айларда билік өкілдері қоғаммен және операторлармен бірге жаңа ережелерді бақылау механизмдерін талқылауды жоспарлап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу