МӘМС аясында қазақстандықтардың барлығы тісін неге тегін емдей алмайды?

207

Бүгінде МӘМС бойынша тегін стоматологиялық қызмет азаматтардың белгілі бір санатына ғана көрсетіледі.

МӘМС аясында қазақстандықтардың барлығы тісін неге тегін емдей алмайды? Фото: canva.com

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының төрағасы Әбілқайыр Сқақов МӘМС жүйесі аясында стоматологиялық қызмет неге көпшілікке қолжетімді емес екенін түсіндірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Редакция тілшісі "Стоматологиялық қызмет ел бойынша өте қымбат. Менің міндетті сақтандыруым болғанына қарамастан, жеңілдік берілген санатқа жатпаймын. Стоматологиялық қызмет түрі МӘМС пакетіне қашан қосылады? Бұл қызмет түрін жеке клиникаларда алғанымызға қарамастан, неге біз ай сайын жарна төлеуіміз керек?" деп сұрады.

"Негізі стоматологиялық медициналық көмек МӘМС жүйесі болмаған кезде халыққа тек шұғыл жағдайда ғана көрсетілетін. МӘМС жүйесі енгізілгелі бері қаржы көлемі ұлғайып, бұл көмек жоспарлы түрге көшті. Бірақ біз оның да жеткіліксіз екенін түсініп отырмыз. Қазақстандықтардың басым бөлігіне осы қызметті көрсете алмай жүрміз. Ең бастысы – қаржы тұрақтылығы. Мысалы, қазір стоматологиялық көмекке тағы қаржы көзделетін болса, онда МӘМС жүйесінің қаржылық тұрақтылығы төмендей бастайды. Сондықтан ол үшін болашақта жарналарды көбейту керек. Осы мәселе кезең-кезеңмен қарастырылады", - деді Сқақов.

Медсақтандыру қорының басшысынан болашақта стоматологиялық қызмет қашан енгізілуі мүмкін екенін нақтыладық.

"Ол үшін заңды өзгерту керек. Барлық қазақстандық немесе жұмыс беруші, мемлекет белгіленген жарналарды көбейтуі керек. Бұл заңды түрде қабылданатын бастамалар. Қазір күн тәртібінде бұл мәселе тұрған жоқ. Бірақ тағы қосымша қаражат бөлу үшін кірістер, түсімдер болуы керек, олар оқ. Барлығы медициналық профильдерге бөлінген, сондықтн қазір қаржы тапшылығына байланысты осы мәселені қарастыра алмай жүрміз", - деді спикер inbusiness.kz-ке берген жауабында.

Сөзінше, бұл мәселе қордың құзыретіне кірмейді, мұны Денсаулық сақтау министрлігі қарастыруы тиіс.

"Біз – қаржы операторымыз", - деп түсіндірді Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының төрағасы.

Айта кету керек, осыған дейін Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры басшысының жалақысы қанша екенін жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу