МӘМС және ТМККК шеңберінде тегін медициналық қызмет тізімі қысқартыла ма?

584

Бұл сұраққа Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Бейбіт Есенбаев жауап берді, деп жазады inbusiness.kz.  

МӘМС және ТМККК шеңберінде тегін медициналық қызмет тізімі қысқартыла ма? Фото: aikyn.kz

Оның сөзінше, бүгінгі таңда МӘМС және ТМККК пакеттерін біріктіру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. 

"Медициналық сақтандыру қорымен бірлесіп медициналық ұйымдарды қаржыландыру тәсілдерін өзгертуді жоспарлап отырмыз. Мәселен, қазір медициналық ұйым қызмет көрсетуші ретінде қормен бірнеше келісімшартқа отырады. Оның ішінде МӘМС аясында бір келісімшарт, келесісі ТМККК аясында жасалады. Осы келісімшарттар шеңберінде қаражаттың жетіспеушілігінен мәселе туындайды. Сондықтан біз қазір осы қаражаттың пулын біріктіру бойынша жұмыс жүргізудеміз, осылайша медициналық ұйым ТМККК және МӘМС шеңберінде біріктірілген пакетте көрсетілген қызметтер үшін қаражат алатын болады", - деді спикер тілшінің сауалына берген жауабында.

Бұл медициналық көмек көрсету кезінде қаражаттың жетіспеушілігі бойынша тәуекелдерді жоюға көмектеседі, деді вице-министр.

Еске салайық, осыған дейін Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетовтің МӘМС жүйесін сынға алғанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу