Мамыр айында дамушы нарықтардың валюталар мен активтердің динамикасына АҚШ ФРЖ-ның саясатына қатысты алаңдаушылық пен мемлекеттік борышы мәселесі, ҚХР экономикасының жай-күйі теріс әсер етті.
Бұл туралы Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары Әлия Молдабекованың мамыр айының қорытындысы туралы баяндамасында айтылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Еңбек нарығы бойынша күшті деректердің шығуы және АҚШ-тағы инфляцияның орнықты болу белгілері ақша нарығында қатаң шарттарды сақтау қажеттілігі туралы күтулерді еселей түсті. Сонымен қатар ашық нарықтар бойынша комитеттің кейбір мүшелері мөлшерлемені одан әрі арттыру пайдасына мәлімдеме жасап, нарық қатысушыларының ақша-кредит саясатының траекториясын қатаңдату жағына қарай қайта қарауын қолдады.
Осылайша, нарық қатысушылары мамыр айында ФРЖ қатаңдату циклінің соңғысы болады деген күткен. Алайда мамырдың алғашқы жартысындағы негізгі болжамдар орындалмай, шілдедегі отырыста негізгі мөлшерлеме 25 базистік тармаққа жоғарылады.
Сонымен қатар осы жылдың соңына дейін негізгі мөлшерлемені төмендетудің екі раундын күту қайта қаралды. Өз кезегінде, бұл түзету АҚШ Қаржы министрлігінің қазынашылық облигацияларының кірістілігіне, сондай-ақ АҚШ долларының жаһандық индексінің нығаюына әсер етті. Айдың қорытындысы бойынша, АҚШ-тың екі жылдық мемлекеттік бағалы қағаздары 40 базистік тармаққа өсіп, 4,4%-ға жетті. DXY индексі 2,6%-ға нығайып, ЕМ валюталары индексі 2%-ға әлсіреді.
АҚШ мемлекеттік борышының шегін және ҚХР экономикасының әлсіздік белгілерін келісу мәселелері қаржы нарықтарына қысым жасауға қосымша фактор болды. Мамырдың соңына қарай АҚШ Үкіметі мемлекеттік борыш лимиті бойынша мәселені шешті. Бұл қаржы нарығындағы шамадан тыс құбылмалылыққа жол бермей, жағдайды шешуге және әлемде рецессия туындау тәуекелін азайтуға мүмкіндік берді.
Сонымен бірге, ҚХР-дағы өнеркәсіптік іскерлік белсенділіктің қысқаруы мамырдың соңына қарай мұнай бағасының барреліне 73 АҚШ долларына дейін төмендеуіне бірден-бір себеп фактор болды. Қытайдың өнеркәсіп секторындағы PMI көрсеткіші екі ай қатарынан қысқарды. Бұл жанармайға деген сұраныстың азайғанын білдіреді. Маусым айының басында Сауд Арабиясының шілдеде мұнай өндіруді тәулігіне 1 млн баррельге қысқартатыны туралы күтпеген мәлімдемесінен кейін Brent эталондық маркасының бағасы барреліне 75-77 АҚШ долларына дейін көтерілді. Бұл шара соңғы бірнеше жылда өндірісті ең төменгі деңгейге жеткізеді.
Мамырда бірқатар белгісіздіктер мен қауіптену аясында акциялар нарығының динамикасы теріс болып, MSCI World индексі 1,3%-ға төмендеді.