Мәнерлеп сырғанаудан Франциядағы Гран-при кезеңі індетке байланысты өтпейді

467

Әлемдік турнир 13-15 қараша күндері Гренобль қаласында өтуге тиіс болатын.  

 Мәнерлеп сырғанаудан Франциядағы Гран-при кезеңі індетке байланысты өтпейді

Халықаралық конькимен жүгірушілер одағы (ISU) мәнерлеп сырғанаудан Франциядағы Гран-при кезеңінің өтпейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды olympic.kz.

Франциядағы эпидемиологиялық жағдай қиындаған соң, ұйымдастырушылар осындай шешім қабылдаған. 

Айта кетелік, 14 қазан күні Франция президенті елдегі көптеген қалаларға коменданттық сағат енгізді. Олардың қатарында Гренобль қаласы да бар. 

"ISU Гренобльдегі Гран-при кезеңінің өтпейтінін өкінішпен хабарлайды және осы жағдайда түсіністік таныстқан француз тарапына алғыс білдіреді", – деп жазылған ресми хабарламада.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу