Маңғыстау ауданының әкімі Тілек Көшмағанбетов өз еркімен қызметінен кетті.
"Мен денсаулығыма байланысты жұмыстан босатуды сұрап өтініш жаздым. Мұндай ұйғарымға бір күнде келген жоқпын. Ұзақ уақыт ойланып қабылдаған өз шешімім. Сондықтан да ардақты ағайын, дос, бауырлар, баршаңызды сабыр сақтап, түсіністік танытуға және шешіміме құрметпен қарауға шақырамын", – деп мәлімдеді Тілек Көшмағанбетов әлеуметтік желідегі жеке парақшасында.
Денсаулығы түзеліп жатса елге қызмет етуден қашпайтынын жеткізді.
Естеріңізге сала кетейік, шенеунікті қызметінде қалдыруды талап еткен ереуіл де өтті.
Тілек Көшмағанбетовтің Ақтауда 17 шағын ауданда элиталық үйлердің бірінің күзетшісін ұрып, жанжал болған видеосы тараған болатын. Әлеуметтік желі қолданушылары мен қоғам белсенділері бейнежазбаны терең зерттеп, толық нұсқасын қарауды талап етті.
Тасым Жаңай