Маңғыстау облысында 2 жасар бала Каспий теңізіне батып кетті

217

Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін жедел тергеу тобы құрылды.

Маңғыстау облысында 2 жасар бала Каспий теңізіне батып кетті Фото: Pixabay.com

Қайғылы оқиға Қарақия ауданы Құрық ауылынан 5 шақырым жердегі Каспий теңізінде болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

2022 жылы туған бүлдіршін шомылуға жабдықталмаған аумақта суға батып кетті.

Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін жедел тергеу тобы құрылды.

"Алдын-ала болжам бойынша, суға түсу кезінде қауіпсіздік ережелері сақталмаған. 

Сондықтан мамандар судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға, атап айтқанда балаларды қараусыз қалдырмауға шақырады", — деп жазды ТЖМ-нан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу