Маңғыстау облысында ауыз су тапшы

1304

Жылдағы жағдай тағы қайталанып отыр.

Маңғыстау облысында ауыз су тапшы

Маңғыстау облысы жаз шыға тағы да ауыз су тапшылығын көріп отыр. Сол себепті, Мұнайлы ауданының тұрғындары 20 таситын көліктің келуіне қуанып қалды, деп жазды inbusiness.kz тілшісі.

"Dongfeng" маркалы 20 көлікке жергілікті бюджеттен 315 млн теңге қаражат бөлінген. Су таситын көліктердің сыйымдылығы 4200 текше метр", – деп хабарлайды Мұнайлы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметінен.  

Бұған дейін ауданда 41 көлікпен су тасымалданатын. Жаңа көліктер суды құбырмен алмайтын ауылдардағы кезектілікті азайтуға мүмкіндік береді. Ауданда одан бөлек 21 автоцистерна бар. Ауыз су таситын жаңа көліктер бұл қажеттілікті шешеді деп күтілуде. Сондай-ақ, аудандардағы ауыз су мәселесін шешу үшін "Каспий су тұщыту" зауытының қуатын арттыратын жобалардың қолға алынғаны жөнінде жазған болатынбыз .

Сонымен қатар, Ақтау қаласында да су тапшы болып тұр. Қалалық әкімдік қазіргі күні "МАЭК Қазатомпром"ЖШС-ындағы құрылымдардағы жоспарлық жөндеу жұмыстарына" байланысты 18 мамыр – 15 маусым аралығында шаһардағы коммерциялық нысандарға су берудің тоқтайтынын ескертті. Қаладағы жаздыгүнгі су тапшылығы тәулігіне 19 мың текше метр құрап тұр. Жыл сайын тұрғындардың суға деген тәуліктің қажеттілігі 1,5 мың текше метрге өсіп отырған көрінеді. Оған себеп ретінде қаланың жыл сайын өсіп, өндірістің дамуы және жаз мезгілінде күннің ыстық болуы айтылуда.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу