Жол көлік оқиғасы кеше, 29 қыркүйек күні күндіз Ақтау – Жаңаөзен тас жолында болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жүк көлігінің алдыңғы дөңгелегі жарылып, қапталға аударылған. Зардап шеккендер жоқ.
"29 қыркүйек күні сағат 15:50 Ақтау-Жаңаөзен тас жолы бойында, 23-шақырымында 720 AI/12 мемлекеттік нөмірлі мұнай тасымалдаушы көлік аударылып қалды. Оқиға орнында мұнай өнімдері төгілгендігі анықталды. Маңғыстау облыстық Экология департаменті мамандары топырақтан сынама алу жұмыстарын жүргізді. Қабылданған шаралар алдағы уақытты қосымша хабарланады", – делінген Маңғыстау облыстық экология департаменті хабарламасында.