Маңғыстау облысында барлық бағыт бойынша жол жабылды

183

Аймақта кеше түннен бері толассыз қар жауып тұр.

Маңғыстау облысында барлық бағыт бойынша жол жабылды Фото: Ақтау қаласының әкімдігі

Осыған байланысты "Доссор – Құлсары – Бейнеу – Сай-Өтес – Шетпе – Жетібай – Ақтау" жолдары жабылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сонымен қатар, "Жетібай–Жаңаөзен–Өзбекстан шекарасы", Жетібай ауылы – Жаңаөзен қаласы, Ақтау – Құрық" бағытында да жол қозғалысы тоқтатылды.

Облыс аумағында кей жерлерде толасыз қар жауып, жел күшейіп, көктайғақ болатынын Қазгидромед мамандары алдын ала болжаған болатын.

Синоптиктердің мәліметінше, мұндай ауа райы алдағы күндері де жалғасады.

"Қазгидрометтің болжамы бойынша белсенді оңтүстік циклонымен байланысты 21-28 ақпан аралығында Маңғыстау өңірінің басым бөлігінде күн жауын-шашынды (жаңбыр, қар) болады. Қар және қар аралас жаңбыр жаууы, жел күшеюі, тұман түсуі, көктайғақ болуы ықтимал. Ауа температурасы түнде 0-8 градустан -5-10 градусқа дейін төмендейді. Ал, күндіз -3+2 болады", – дейді "Қазгидромет" РМК ұзақ мерзімді ауа райы болжамдары басқармасы департаментінің жетекші инженері Ақнұр Тоқтарова.

Ал Ақтауда жолдарға тұз аралас құм себіліп жатыр.

"Түнгі кезекшілікте автомобиль жолына 50 тонна құм-тұз аралас қоспасы себілген. Күндіз жұмыстар қайтадан жалғасып, жолдың қауіпті жерлеріне 15 тонна тұз аралас құм себілуде. Коммуналдық мекемелерден 400-ден астам жұмысшы жұмылдырылды", – деп хабарлайды Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу