Маңғыстау облысында фермерлік шаруашылықтар 260 млн теңге субсидия қаржысын игерген

1238

Маңғыстау облысында фермерлік шаруашылықтар 260 млн теңге субсидия қаржысын игерген

Маңғыстау облысына  мемлекеттік қолдау шеңберінде  2016 жылы  асыл тұқымды шаруашылықты және  ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен оны саудасын дамытуға  80 млн теңге бөлініп, бүгінгі таңға дейін  оның  37,800 млн теңгесі игерілген, деп жазады tumba.kz.

Қазір Маңғыстауда 1330 фермерлік шаруашылық бар. Оның  35-і  асыл тұқымды мал басын көбейтуге: 4 шаруашылық қой өсіруге, 21-і – жылқы басын көбейтуге, 10-ы  түйе өсіруге  маманданған. 

 "Фермерлік шаруашылықтардың сұрауы бойынша  2016  жылы  67 су көзін пайдалануға беру жоспарланған, атап айтқанда  70 құдық қазылып,  209,066,4 млн теңге  субсидиялық қаржы игерілді. Сондай-ақ  қайта өңдеу, жылыжай шаруашылығы, ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға  50,933,6 млн теңге субсидия төленді.  Осылайша республикалық бюджеттен 2016  жылы бөлінген 260 млн теңге толықтай игерілді", – деп мәлім етті облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшы Болат Ерсайынұлы.

15 маусымнан 1 қараша аралығында жем-шөп әзірлеу бригадалары Үстірт  жазығынан 50,5 мың тонна шөп дайындады. 2016 жылы өсімдік шаруашылығының сапасы мен өнімділігін жақсартуға 150,681,0 млн теңге субсидия бөлінген. Бүгінгі күні аталған сомадан 144,665,0 млн теңге қаржы игерілді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу