Маңғыстау облысында көлік пойызбен соқтығысты

489

Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданында жол апаты болды. Маңғыстауда пойыздың жеңіл автокөлікпен соқтығысуы салдарынан екі адам зардап шекті, деп хабарлайды inbusiness.kz  тілшісі.

Маңғыстау облысында көлік пойызбен соқтығысты Фото: Маңғыстау облысы ПД

Бұл апат 8 маусымда сағат 16:54 шамасында теміржол өткелінде тіркелді. "Лада-15" автокөлігінің жүргізушісі пойызға жол бермей, соқтығысқаны белгілі. Жол апаты салдарынан зардап шеккен екі адам Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді. Олардың бірі медициналық көмек көрсеткеннен кейін үйіне жіберілген.

Полицияның мәліметінше, "Лада-15" жүргізушісіне ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабымен көлік жүргізушілерінің адамдардың денсаулығына зиян келтіруге, көлік құралдарының немесе өзге де мүліктің зақымдалуына әкеп соққан жол ережелерін бұзуы дерегі бойынша әкімшілік хаттама жасалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу