Маңғыстау облысында мектеп асханасының қызметкерлері жалған құжатпен жұмыс істеген

187

Төрт жұмысшы айыппұл төлейді.

Маңғыстау облысында мектеп асханасының қызметкерлері жалған құжатпен жұмыс істеген Фото: istockphoto

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданының соты мектеп асханасының жалған құжатпен жұмыс істеген 4 қызметкеріне қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Олар жалған санитарлық құжатпен Мұнайлы ауданына қарасты № 8 орта мектептің асханасында жұмыс істеген.

Бұл жағдай аталған мектеп оқушыларының жаппай улануынан кейінгі тексеру кезінде анықталды.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу