Маңғыстау облысында жедел жәрдем көліктерінің 70%-і ескірген

1212

Осыған орай арнайы жоспар қабылданып, облыстық станцияның автопаркін жаңарту жұмыстары басталып кетті. 

Маңғыстау облысында жедел жәрдем көліктерінің 70%-і ескірген

Бұл тұрғындарға алғашқы көмекті шұғыл көрсетуге, олардың өміріне араша болуға кедергі келтіреді, деп хабарлайды 24.kz.

Осыған орай арнайы жоспар қабылданып, облыстық станцияның автопаркін жаңарту жұмыстары басталып кетті. Жақында 3 реанимобиль пайдалануға берілсе, жыл соңына дейін республикалық бюджет есебінен тағы 20 машина сатып алынбақ. Ал, келер жылы 50 жедел жәрдем көлігі үшін жергілікті қазынадан қаржы қаралып жатыр.

Науқастарға дер кезінде көмек көрсету мақсатында диспетчерлік қызмет сандық үлгіге көшті. Барлық санитарлық көлікке GPS-қондырғысы орнатылды. Осы арқылы орталық монитордан қай көліктің қай жерде жүргенін бақылауға болады.

 "Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасына қазіргі таңда біз 50 дана планшетке тапсырыс бердік. Ол планшетті алған соң біз әрбір жедел жәрдем бригадасына ұстатамыз. Ол арқылы біз жедел жәрдем шақырту түскен мезеттен бастап диспетчерлерге әрбір бригадаға планшетке шақырту жіберіледі. Сол арқылы біз шақыруларды тездетіп, уақытын қысқартамыз. Науқасқа жету уақыты қысқарады",– дейді облыстық жедел жәрдем станциясының директоры Рахымжан Елтаев

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу