Маңғыстау облысында жол талғамайтын көлік аударылып, 5 адам қаза тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz облыстық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға салдарынан 4 бала түрлі дене жарақатын алған.
"27 жастағы әйел айдаған Lexus LX470 көлігі аударылып, жүргізуші, 55 және 31 жастағы екі әйел көз жұмған. Қаза тапқан әйелдердің бірі жүкті болған. Қалғандары 1964 және 1967 жылы туған ер адамдар", - деп жазылған хабарламада.
2011, 2012 және 2019 жылы дүниеге келген 3 бала Жетібай аудандық ауруханасына жеткізілген.
"Балалардың басы, маңдайы және шынтық буынынан жарақат алған, миы шайқалған, білек сүйегі сынған және жол апатынан есеңгіреп қалған", - деп жазылған хабарламада.
Дәрігерлердің айтуынша, 2 баланың жағдайын тұрақты ауыр, үшіншісінің жағдайы орташа ауыр. Олар облыстық балалар ауруханасына жеткізіледі.
2013 жылы туған төртінші бала облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілген. Бүгінде баланың жағдайы ауыр, ол реанимация бөлімінде жатыр.
"Бала геморрагиялық ми жарақатын алды. Оған екінші дәрежелі церебральды кома, екінші дәрежелі травматикалық шок диагнозы қойылды. Ол өкпені жасанды желдету аппаратына қосылды", - деп жазылған хабарламада.