Ол рульге ие бола алмай, көлік бірнеше рет аударылған. Апаттан көп жарақат алған 3 қыз облыстық балалар ауруханасында жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Көлікті тізгіндеген жасөспірімнің ата-анасы басқа қалаға шипажайға кеткен. Үйдегі үлкендердің жоқ екенін пайдаланған ол, көлігімен қыздарды қыдыртпақ болған. Алайда арты қайғылы жағдайға ұласып, оқушылар мінген көлік апатқа түскен.
Жансақтау бөлімінде жатқан 16 жастағы қыздың бірнеше жері сынып, миына зақым келген. Жағдайы өте ауыр, деп бағалады дәрігерлер.
"2010 жылы туған қыздар травматология бөлімшесінде жатыр. Олардың желкесі, иығы сынған. Одан бөлек, бет, оң жақ тізе буындары бірнеше жерден сынған. Қазір дәрігерлердің бақылауында. Жалпы науқастар есін біледі", - деп мәлімдеді Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Жұлдызай Қалиева.
Аталмыш оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр.
Айта кетейік, жақында БҚО-да осыған ұқсас қайғылы оқиға болды. Әкесінің көлігіне мініп кеткен екі жасөспірім жол апатынан мерт болған еді. Оқиға 21 сәуір күні Бәйтерек ауданы аумағында Переметный-Белес жолында болды.