Маңғыстау облысында жол жиегінен ер адамның денесі табылды

888

Екі жүргізуші бір-біріне жол бермей, сөзге келіп қалған.

Маңғыстау облысында жол жиегінен ер адамның денесі табылды

Маңғыстау облысында жолдың жиегінен ер адамның денесі табылды, деп хабарлады ІІМ ақпараттық порталы.

"22 шілде күні сағат 20:15 шамасында Мұнайлы аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне Жаңа Дәулет кентіндегі жолдың жүру бөлігінің жанынан дене жарақаттары бар ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Сол күні аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігі (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция қызметкерлері Жаңа Дәулет кентінің 67 жастағы тұрғынын өлтірді деген күдікпен 35 жастағы ер адамды ұстады. Тергеу сотының санкциясымен күдіктіге қатысты екі ай мерзімге "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды", – деп жазылған хабарламада.

Алдын ала болжам бойынша екі жүргізуші бір-біріне жол бермей, арасында жанжал пайда болған. Қылмыстық іске күдікті эмоцияларға бой алдырып, көліктен шығып, 67 жастағы жүргізушіні ұрып-соққан. Алған жарақаттарынан кейін жәбірленуші сол жерде қайтыс болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу