Маңғыстау облысындағы жол апаты: Зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды

364

Екі науқас жансақтау бөлімінде жатыр. 

Маңғыстау облысындағы жол апаты: Зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды Фото: lada.kz

Дәрігерлер Ақтау-Жаңаөзен тас жолында жантүршігерлік жол апатынан зардап шеккендердің жағдайы туралы айтып берді, деп жазады inbusiness.kz www.lada.kz порталына сілтеме жасап.

Облыстық аурухананың қабылдау бөлімшесіне жол апаты салдарынан зардап шеккен жеті адам жеткізілген. Олардың біріне медициналық көмек беріліп, үйіне жіберілді.

"Бүгінгі таңда 6 адам облыстық ауруханада жатыр. Олардың үшеуі травматология бөлімшесінде. 2 науқас жансақтау бөлімінде жатыр, жағдайы ауыр. Тағы бір науқас нейрохирургия бөлімшесінде жатыр", - деп хабарлады облыстық көпсалалы аурухананың баспасөз қызметі.

Айта кету керек, осыған дейін https://inbusiness.kz/kz/last/aktau-zhanaozen-tas-zholynda-kolik-apatynan-1-adam-koz-zhumdy Ақтау-Жаңаөзен тас жолында болған көлік апатынан бір адам көз жұмғанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу