Маңғыстау облысының әкімдігі Викторияның мәйітін Ақтауға жеткізуді мойнына алды

1113

Маңғыстау облысының әкімдігі Викторияның мәйітін Ақтауға жеткізуді мойнына алды

Маңғыстау облысының әкімдігі құжаттарды заңды ресімдегеннен кейін Викторияның мүрдесін Ақтауға апаруды ұйымдастырып, жерлеуге жәрдем көрсетеді. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Бану Нұрғазиева мәлім етті, деп хабарлады "ҚазАқпарат" ХАА.

"Викторияның ата-анасына, туыстары мен жақындарына қайғырып, көңіл айтамыз. Бұлай аяқталғаны өкінішті жағдай. Жазылып кетеді деп үміттенген едік. Бұдан бұрын облыс әкімдігі оны Астанаға Ұлттық ана мен бала орталығына апаруға көмектескен. Викторияның мәйітін үйіне әкелуге, Ақтауда жерлеу рәсімін ұйымдастыруға да жәрдемдесеміз. Қазір авиатасымалдаушылармен келісіп жатырмыз. Заңды құжаттары дайын болған соң, бірден іске кірісеміз", – деді Бану Нұрғазиева.

Еске салсақ, 20 тамызда 1-29 мекенжайы бойынша "Иваныч" дүкені маңында алты жасар қыз жоғалып кеткен. Бірнеше сағаттан кейін полиция оны өнеркәсіп аймағы жағынан тапты. 6 жасар Виктория жарақаттармен балалар ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлер қызды зорлағанын анықтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу