Маңғыстау өңірінде әлеуметтік маңызы бар өнімдердің шекті бағасы бекітіледі

615

Маңғыстау облысында қант пен майға бөлшек саудада шекті бағаны белгілеу жоспарланып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.  

Маңғыстау өңірінде әлеуметтік маңызы бар өнімдердің шекті бағасы бекітіледі Фото: habarlama.com

Арнайы қаулыға сәйкес, сары майдың келісі 4360 теңгені құрайды. Ал бір килограмм қанттың құны 507 теңге болмақ. Бөлшек тауарларды сатушылар 30 күн ішінде көрсетілген бағадан аспауы керек.

Айта кетейік, сары майдың шекті рұқсат етілген бағасы биыл екінші рет енгізіліп отыр. Сәуір айында әкімдік майдың бағасын 3 744,5 теңге деп белгілеген болатын.

Статистикалық деректерге сай, қаңтар айында сары майдың құны - 3162 теңге, сәуір айында - 3943, мамырдан тамызға дейін - 4061 теңге болды. Қыркүйек айында баға - 4270 теңгеге, ал қазан айында 4360 теңгеге дейін көтерілді.

Ал қант бір жылда 87%-ға қымбаттады. Қаңтар айында қант - 290 теңге, ал қазанда 499 теңге болды.

Маңғыстау облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасының хабарлауынша, қазір өңірде пияздың шекті бағасы – 202 теңге. Картоптың бағасы 261,5 құрады. 60 теңгелік ас тұзының шекті бағасы 7 желтоқсанға дейін сақталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу