Маңғыстауда 41 жаңа мүлік иелері бірлестігі құрылды

900

Маңғыстау облысында 41 жаңа мүлік иелері бірлестігі құрылды. Оның 29-ы Ақтау қаласында, қалған 12-сі Жаңаөзен мен аудандарда орналасқан. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Ақтау қаласы тұрғын үй инспекциясының бас маманы Нұрадин Көшербаев мәлім етті, деп жазады inbusiness.kz.

Маңғыстауда 41 жаңа мүлік иелері бірлестігі құрылды

Нұрадин Көшербаевтың айтуынша, 2020 жылдың 7 қаңтарында "Қазақстан Республикасының Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына өзгерістер енгізіліп, мүлік иелері бірлестігін құру жұмыстары жүргізіле бастады. Заңға сәйкес пәтер иелерінің тұтынушылық кооперативі, пәтер иелері кооперативі секілді басқару түрлері қызметін тоқтатып, 2022 жылдың 1 шілдесінен бастап жаңадан құрылған мүлік иелері бірлестігіне не серіктестікке толық ауысады.

 "Мүлік иелері бірлестігі - "бір үй - бір бірлестік - бір шот" қағидасымен жұмыс жасайды. Тұрғындар жинаған ортақ қаржысын өздері басқарып, тұрғын үйді күтіп ұстау мәселелерін бірігіп шешеді. ПИК-тен мүлік иелері бірлестігіне ауысу кезеңі пандемияға байланысты қиын уақытта басталды. Санитарлық-эпидемиологиялық ахуал меншік иелерін көзбе-көз жиындар өткізу мүмкіндігінен шектеді. Дегенмен де тұрғындармен түсінік жұмыстары кейінге қалған емес, карантин талаптарына орай жүргізілуде", - деді Нұрадин Көшербаев.

Брифинг спикері "Қамқор Қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігі төрағасы Тілеп Баймағамбетов мәселе көп уақыттан бері айтылып келе жатса да, тұрғындар тарапынан немқұрайлық барын атап өтті.  Пәтерлердің, тұрғын үй емес жайлар иелері қаражаттың түсуі мен жұмсалуының ашықтығын қамтамасыз ету үшін өз үйінде мүлік иелерінің бірлестігін немесе серіктестік құру қажет екенін түсіну маңызды.

 

"Тұрғындар 2022 жылдың шілдесін күтіп отыр. Әйткенмен, бұл уақытта ПИК жұмысын тоқтатады да, тұрғындарға мүлкін күтіп ұстау керек болады. Ақтау қаласында жаңа үйлермен қатар тұрғызылғанына 50 жылдан асқан ескі үйлер бар. Сәйкесінше ескі тұрғын үйлерді күтіп ұстау жұмыстарының шығындары көп. Сол себептен  мұндай тұрғын жайдың иелеріне заңнамаға сәйкес үйлердің іргетасы немесе құбыр жүйелері бір болса әр үйдің үштен екісі бір бірлестік құрып, қаражатты үйлестірулеріне болады", - деді Тілеп Баймағамбетов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу