"Volvo FH" маркалы жүк көлігі басқарудан шығып, жол бойындағы қоршауға кіріп, аударылды. Көліктегі бірнеше тонна жүк, қораптар шашылып қалды.
Апат салдарынан 39 жастағы жүргізуші оқиға орнында қайтыс болды.
"Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Бұл дерек ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігі бойынша Мұнайлы ауданының Полиция бөлімінің ЕҚДБ-да тіркелген. Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді",- дейді Полиция департаментінің баспасөз қызметі.