Оны вахталық автобус қағып кеткен. Аталған жағдайға байланысты полиция қылмыстық іс қозғады.
Оқиға 6 қарашада Ақтау – Қаламқас автожолында болған.
Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, DAEWOO маркалы автобустың жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Жәбірленуші алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.
Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа сәйкес, марқұм "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ қызметкері болған. Компания қайғылы жағдайды растады.
"Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Автобус арнайы тұраққа қойылды", – деп хабарлады полиция.
Қазір оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.