Маңғыстауда бес жұлдызды қонақ үйге 2,3 млн теңге айыппұл салынды

1973

Маңғыстау облысында бес жұлдызды Water World Aktau қонақ үйіне "Ирина Кайратовна" музыкалық тобының концертін ұйымдастырғаны үшін 2,3 млн теңге көлемінде айыппұл салынды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы.

Маңғыстауда бес жұлдызды қонақ үйге 2,3 млн теңге айыппұл салынды

Ақтау әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қазақстандық топтың концерті сәуірде өткен. Бұл уақытта өңір коронавирустың таралуы бойынша "сары аймақта" болған.

Сондай-ақ, қалалық әкімдік "Ирина Кайратовна" музыкалық тобының концертін ұйымдастырғаны үшін Water World Aktau қонақ үйіне 2,3 млн теңгеге айыппұл салынғанын жеткізді.

"Айыппұл сомасы – 800 АЕК (2 млн 333 мың 600 теңге)", - деп жазылған хабарламада. 

Айта кетейік, концерттің видеосы әлеуметтік желіде тараған болатын. Куәгерлердің айтуынша, ол Rixos WaterWorld Aktau өткен. Оған 2 мыңнан аса адам қатысқан. Бұл әлеуметтік желіде қызу талқыланған еді.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу