Бір ауданның малын қыстан аман шығаруға 35 мың тонна азық керек. Бұл туралы Маңғыстау ауданының әкімі Тілек Көшмағанбетов айтты, деп жазады inbusiness.kz.
"Маңғыстау ауданында қоймалар мен жеке шаруа қожалықтарда 24 мың 500 тонна шөп жиналған. Меже – 35 мың тонна. Демек аудандағы төрт түлікті қыстан аман алып шығу үшін әлі 13 мың тонна мал азығы қажет. Бүгінде шөпті аудан әкімдігі белгілеген 7 оператор жинап жатыр", – деді Тілек Көшмағанбетов.
Бұл жұмыстың барлығы "Каспий" әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы арқылы жүргізілуде.
Ауданда қысқы мал азығы қорын дайындау ісі ширады. Жем жеткізу ісімен 8 кәсіпкер айналысып отыр. Олардың қоймаларында жем қоры бар. Ал қыстық қорды жасақтау үшін 3 оператор жуырда "Каспий" ӘКК арқылы қаржы алды. Жем қорын жинақтау жұмыстары енді басталады.
Алмас Қылыш