Маңғыстауда екі жеткіншектен эхинококкоз ауруы анықталды

271

Жыл басынан бері облыста эхинококкоздың жеті жағдайы тіркелген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Маңғыстауда екі жеткіншектен эхинококкоз ауруы анықталды Фото: qyzyljarnews.kz

"2023 жылы 16 адам ауырды. Биыл төмендеу бар. Жаңаөзен қаласы мен Түпқараған ауданында 14 жасқа дейінгі екі бала ауырып қалды. Мұнайлы қаласында ең көп көрсеткіш 4 науқас анықталды", – деді өңірлік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Гүлнар Үркінбаева.

Эхинококкоздың алғашқы белгілері – әлсіздік, бас ауруы. Теріде қызыл дақтар түрінде ұсақ бөртпелер пайда болып, дене температурасы жоғарылайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу