Маңғыстауда көктемгі үйрек ату маусымы жарияланды

1442

Оған төрт жылдан бері тиым салынып келген еді.

Маңғыстауда көктемгі үйрек ату маусымы жарияланды

Маңғыстау облысында үйрек ату маусымы басталмақ. Облыстың орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы оны 13-27 наурыз аралығына белгілеп отыр, деп жазды inbusiness тілшісі.  

Осы уақыт аралығында жыл құстарының тек аталығын атуға ғана рұқсат беріледі. Ол үшін аңшылар облыстық аңшылар мен балық аулаушылар қоғамынан жолдама алуға тиіс. Белгілі болғандай, үйрек атуға жылына екі рет – көктем кезінде екі апта және күз мезгілінде бірнеше ай рұқсат етіледі. Аңшылар үйректі спорттық, әуесқойлық мақсатта атып алады екен. Сол сияқты, оның еті жарамды болғандықтан ас-суына да пайдаланады. 

"Облыс бойынша бір жылға белгіленген лимит – 16 500 бас үйрек", - дейді инспекцияның мемлекеттік инспекторы М.Әленов. 

Айта кетейік, үйрек ату маусымы төрт жылдан бері тоқтатылып, биыл ғана ашылып отыр. Елімізде 2014-2015 жылдардағы есеп бойынша үйрек саны 2 млн-ға дейін азайып кеткендіктен, 2017 жылы оны атуға тиым салынған еді. 

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу