Маңғыстауда мал азығының қоры жасақталуда

889

Маңғыстау облысының Түпқараған ауданында 1000 тоннаға жуық қысқы шөп қоры жасақталған.  

Маңғыстауда мал азығының қоры жасақталуда

Бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасуда. Түпқараған ауданының әкімі Айбек Қосуақов мәлімдегендей, ауданды шөппен қамтамасыз етуді тиімді ұйымдастыру мақсатында 4 оператор тағайындалған. Олар Форт-Шевченко қаласы мен Баутин, Ақшұқыр және Сайын Шапағатов, Қызылөзен мен Таушық ауылдарына жауапты. Қазанның басында Форт-Шевченко қаласы мен Баутин ауылына 1 400 орама және 14 000 түк шөп жеткізілген. Ақшұқыр ауылындағы базаларда 6 200 түк және 240 орама сақтаулы тұр. Таушық пен Қызылөзен ауылдарына 1 550 түк, 378 орама шөп әкелінді.

Есептерге сүйенсек, Түпқараған ауданын қысқы мал азығымен қамту үшін 7 314 тонна жем қажет. Оның 3160,8 тоннасы ауданға жеткізілген. "Казимпекс-Ақтау" қорының қолдауымен ауданға 2 вагон 2 705 қап 3-4 сортты бидай бөлінді. Жем 3 оператор арқылы тиісті елді-мекендерге жеткізіліп, оның бір келісін 110 теңгеден сату жұмыстары ұйымдастырылды. Сондай-ақ бір вагон 2 900 қап кебек әкелінді, оның бір келісі 88 теңгеден сатылды. Ауданды жеммен қамтамасыз ету мақсатында барлығы 3 оператор тағайындалды. "Сауқымбек" ЖШС 44,8 млн теңге, "Қарағантүбек" ЖШС 50 млн теңге және "Күзембаев Аманғали" ШҚ 15 млн теңге несие алып, осы бағытта қызмет атқаруда.

Алмас Қылыш

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу