Маңғыстауда ралли-рейдтен әлем кубогінің кезекті кезеңі басталды

826

Әлем біріншілігінің Қазақстандағы кезеңі ең қашық әрі ең күрделі жарыс саналады.

Маңғыстауда ралли-рейдтен әлем кубогінің кезекті кезеңі басталды

Автораллиге биыл алғаш рет әйелдер экипажы қатысып жатыр. Ресейлік Мария Опарина мен Людмила Петенко ер азаматтармен бірге темір тұлпар тізгіндеуден жарысады, деп хабарлайды 24.kz.

Ақтауда бастау алған сайысқа әлемнің 17 елінен 60-қа тарта спортшы келген. Арасында ралли-рейд тарихындағы ең атақты шабандоз да бар.

"Дакар" раллиінің 13 дүркін жеңімпазы Стефан Петерансель сайысқа әйелімен бірге қатысады. Қазір ерлі-зайыпты спортшылар әлем кубогының турнирлік кестесінде 30 ұпаймен бірінші орында тұр.

Әлем біріншілігінің Қазақстандағы кезеңі ең қашық әрі ең күрделі жарыс саналады. Құм да, су да, жартас пен ой-шұңқыр да кездесетін шөлейтті Маңғыстау даласы жылдамдықты жаны қалайтын спортшылар үшін нағыз сынақ алаңы болмақ. Шабандоздар 2500 шақырымды 6 күнде еңсеруге тиіс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу