Маңғыстауда салмағы 6 келі қыз бала дүниеге келді

1219

Маңғыстауда салмағы 6 келі қыз бала дүниеге келді

Маңғыстау облысының перинаталдық орталығында 7 қарашада салмағы 6 киллограм 100 грамм қыз бала дүниеге келді. Дәрігерлердің айтуынша, мұндай ірі балалардың тууы орталықта соңғы бес жылда болмаған, деп жазады Lada.kz.

Мұнайлы ауданының 37 жастағы тұрғынының бұл алтыншы баласы. Оның енді үш ұлы және үш қызы бар. Барлық балалары ірі салмақпен туған. "Алдыңғы балалары 3900 гр, 4000 гр, 4300 гр, 4900 гр, 5900 гр салмақпен дүниеге келген. Барлығы да табиғи жолмен туған, кесір тілігі болған емес. Оны осы жолы акушер-гинеколог, босану бөлімінің меңгерушісі Ақшолпан Балмағамбетова және акушерка Индира Әбиева босандырып алған. Анасы мен баласының жағдайы жақсы. Бізде бес келіден астам туған балалар алып-перзенттер деп есептеледі", – дейді ОПО директорының орынбасары Роза Баданова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу