Маңғыстауда шаңды дауыл салдарынан жолдар жабылды

495

Шаңды дауыл салдарынан Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сайөтес-Шетпе-Жетібай-Ақтау республикалық маңызы бар трассасының 647-705 шақырым учаскесі жабылды. Ауа райының қолайсыздығына, шаңның жоғарылауына және республикалық, жергілікті маңызы бар жолдардың көрінуі нашарлауына байланысты бүгін түстен бастап жабық тұр. 

Маңғыстауда шаңды дауыл салдарынан жолдар жабылды Фото: inform.kz

Жүргізушілерге жол ережелерін сақтау, қолайсыз ауа-райында өте сақ болу ескертіліп жаыр. Жылдамдық режимін, қашықтықты сақтау, жол белгілерінің нұсқамаларын орындау және түрлі маневрлерді болдырмауға ерекше назар аудару қажет екені жол сақшылары нақты айтуда.

Жолда қандай да бір қиындық туындаса 1403 нөміріне хабарласу қажет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу