Маңғыстауда сыбайлас жемқорлықтан тәркіленген қаражатқа 4 мектеп салынады

628

ҚР Оқу-ағарту министрлігі биыл сыбайлас жемқорлықтан тәркіленген қаражатқа салынатын мектептердің тізімін жариялады.

Маңғыстауда сыбайлас жемқорлықтан тәркіленген қаражатқа 4 мектеп салынады Фото: тумба.кз

Ақтауда әрқайсысы 1200 орындық  екі мектеп салынады. Бұған дейін 19 А және 18 шағын аудандардағы мектептердің құрылысы материалдар бағасының өсуіне байланысты тоқтап қалған болатын.

"18 шағын аудандағы мектептің бастапқы құны - 3 849 763 теңге, 19а шағын аудандағы мектеп 3 708 206 теңгеге бағаланды. Түзетулер бойынша 590 921 теңге деп белгіленді. Ал Қызылтөбе ауылындағы 1200 орындық мектептің бастапқы құны-3 271 257 теңге, Басқұдық ауылдық округінің Алау тұрғын үй массивіндегі 1200 орындық мектеп шығыны 3 795 872 теңге. Бұл сомалар 5 248 926 теңгеге түзетілді. Бұл нысандардың барлығы аяқталу сатысында тұр. Бірақ 2023 жылдың сәуір айында Ақтауда екі мектептің құрылысы тоқтатылғаны белгілі болды. Бұл жағдай құрылыс материалдарының қымбаттауына байланысты",- дейді Маңғыстау облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Махмұд Қалжанов.

Айта кетейік, Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында мектеп құрылысына сыбайлас жемқорлықтан алынған ақшаны жіберуді тапсырған болатын.

Еске салайық, бұған дейін Жемқор шенеуніктерден тәркіленген ақшаға салынатын мектептердің тізімі жарияланғанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу