Маңғыстауда тепловоз жүк көлігін соғып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Куәгерлердің сөздерінше, көлік апаты 26 мамыр күні Құрық портының маңында болған.
Маңғыстау облыстық ішкі істер департаментінің мәліметтеріне қарағанда, оқиғаның салдарынан зардап шеккендер жоқ. Өзге ақпараттар кешірек жарияланатын болады.
Айта кетейік, 2017 жылы Маңғыстау облысында тепловоздарға қатысты бірнеше төтенше жағдай болған. Тамыз айында тепловоз жеңіл көлікпен соқтығысса, қарашада Жаңаөзенде "Газель" көлігімен түйсті. Бірнеше адам қаза болған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу