Бейнеу-Ақтау тас жолының 328 шақырымында екі көлік құралы жол апатына ұшырады. Nissan Qashqai автокөлігінің жүргізушісі қарсы бағытқа шығып, ВАЗ-2114 көлігімен соқтығысты.
Нәтижесінде алған жарақаттарынан оқиға орнында ВАЗ-2114 автокөлігінің жүргізушісі және 4 жасар бала көз жұмды.
Сондай-ақ, зардап шеккен 9 адам аудандық ауруханаға жеткізілген. Олардың 6-ы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйлеріне жіберілді.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігімен абайсызда екі адамның өліміне әкеп соққан, көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Тасым Жаңай