Оқиға 22 қыркүйек сағат 21:50 шамасында Ақтау-Жаңаөзен трассасының 26/760 шақырымында болған.
"GEELY SC7 маркалы автокөліктің жүргізушісі жол бойындағы түйені қағып кеткен. Салдарынан 57 жастағы жолаушы көз жұмды. Бір жолаушы облыстық ауруханаға жеткізілді", деді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Аталған фактіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша тіркеліп, тергеу басталған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу