Маңғыстауда жыл басынан бері 44 жол апаты тіркелді

663

Өткен жылмен салыстырғанда өңірде жол-көлік оқиғаларының төмендеуі тіркелді.

Маңғыстауда жыл басынан бері 44 жол апаты тіркелді Фото: Маңғыстау облыстық полиция департаменті

Полиция аймақтағы жол-көлік оқиғаларының белгілі бір бөлігі жылдамдық пен жол ережелерін елемейтін жүргізушілердің кесірінен болады деп санайды. 

“Жылдамдық режимін бұзған жүргізушілерді анықтау үшін "Кибер-Шериф" борттық кешенін іске қосу, ЖКО жиі тіркелетін және қауіпті болып саналатын учаскелерде жылжымалы жылдамдық өлшегіш құрылғыларды пайдалану сияқты шаралар қабылданды. Бұл шаралар қысқа уақыт ішінде оң нәтиже көрсетті. Қазіргі уақытта облыста "Сергек" бейнебақылау камералары орнатылуда, оларды іске қосу кезінде бұзушылықтар саны да айтарлықтай азаяды”, – дейді полиция өкілдері. 

Жол қозғалысына қатысушылардан бірінші кезекте тәртіп талап етіледі. 

“Мысалы, жаяу жүргіншілермен болған жол-көлік оқиғаларын алайық. Жалпы, жолдағы қауіпсіздік жаяу жүргіншіге де, жүргізушіге де байланысты. Яғни, тәуекел екі жақта да бар. Жыл басынан бері екі айда жаяу жүргіншілердің қатысуымен 19 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Жаяу жүргіншілермен түсіндіру жұмыстары қанша жүргізілсе де, барлық жолдарда жолды дұрыс емес жерде кесіп өтетін азаматтар кездеседі. Сондықтан да біз апаттың алдын алудың негізгі жолы - жүргізуші немесе жаяу жүргінші болсын, өзін-өзі оқыту, сақтық және заңға бағыну деген қорытындыға келеміз. Полиция департаменті өңіріміздің тұрғындарын жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады,– деп атап өтті полицияның баспасөз қызметі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу