Маңғыстаудағы газдан уланғандар: газ жабдықтарында ақау бар

95

Маңғыстау облысы ТЖД-ның алдын-ала болжамы бойынша қайғылы оқиға газ жабдықтарының ақауынан болған.  

Маңғыстаудағы газдан уланғандар: газ жабдықтарында ақау бар Фото: Маңғыстау облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі

Қаза тапқандар елімізде уақытша тұрып жатқан Өзбекстан азаматтары, деп жазады inbusiness.kz сайты әкімдікке сілтеме жасап.

Айта кетейік, Мұнайлы ауданы Басқұдық ауылындағы жеке үйде 7 адамнан тұратын бір отбасы түгел газдан уланып, қайтыс болды. Олардың бесеуі кәмелетке толмаған бала.

Маңғыстау облысы әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, қайтыс болған отбасының туыстарына жан-жақты көмек беріледі, соның ішінде жерлеу рәсімін ұйымдастыруға қолдау көрсетіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу