Маңғыстаудағы қоқиқаздардың қырылуының алдын ала себебі аталды

611

Аумақтан 4 қоқиқаздың өлексесі табылды.

Маңғыстаудағы қоқиқаздардың қырылуының алдын ала себебі аталды Фото: ҚР Экология министрлігі

Бұл туралы ҚР Экология министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"19 сәуір күні Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Сам ауылында қоқиқаздардың өліміне қатысты ақпарат тарады. Оқиға орнына аудандық ветеренария станция қызметкері, Сам ауылының әкімі, Сам ормандар және жануарлар дүниесін қорғау ММ директорының орынбасары барды, аталған аумақтан 4 қоқиқаз өлексесі табылды", делінген комитет хабарламасында.

Айта кету керек, Бейнеу ауданының аумағы құстардың маусымдық миграция жолына кіреді.

"Соңғы уақытта аудан аумағында ауа-райының қолайсыз жағдайлары тіркелеген – жел жылдамдығы 15-20 м/с жетіп, шаңды дауыл орын алған, алдын ала болжам бойынша құстар жоғары кернеулі электр сымдарына соғылып, олардың өліміне әкелген болуы мүмкін. Құстардың өлекселері ветеринария мамандары тарапынан Бейнеу аудандық ветеринарлық лабораторияға тексеруге алынды", делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, бұған дейін Маңғыстау облысында қоқиқаздың өлексесі табылғанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу