Маңғыстаудағы қуаңшылық: Облыс әкімі қанша бас мал қырылғанын айтты

2121

Маңғыстаудағы қуаңшылықтан 1 мыңнан аса мал қырылған. Бұл туралы Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Тұрымов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Маңғыстаудағы қуаңшылық: Облыс әкімі қанша бас мал қырылғанын айтты

Облыс әкімі қуаңшылықтан зардап шеккен шаруаларға көмек көрсетілетінін атап өтті.

"Көктемде қуаңшылық салдарынан 1103 мал өлді. Оның ішінде 512 бас жылқы бар. Қазіргі таңда ветеринарлық қызмет арнайы жұмыс жүргізіп жатыр. Бұл жұмыс аяқталғасын тиісті шешімді қабылдаймыз", – деді Серікбай Тұрымов ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Айта кетейік, осыған дейін Ауыл шаруашылығы министрлігі Маңғыстау облысында қуаңшылықтан 536 бас жылқы қырылды деп хабарлаған.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу