Маңғыстаудағы мұнай мен емдік-минералды су кен орындарын ашқан ғалым көз жұмды

824

О.Герштанский 1978 жылдан бастап өмірінің соңына дейін мұнай-газ саласындағы түрлі лауазымдар мен басшылық қызметтерде еңбек етті.

Маңғыстаудағы мұнай мен емдік-минералды су кен орындарын ашқан ғалым көз жұмды Фото: lada.kz

Энергетика министрлігінің ұжымы мұнай-газ саласының көрнекті қайраткері, техника ғылымдарының докторы, Маңғыстау облысындағы мұнай және емдік-минералды су кен орындарын ашқан ғалым Олег Сергеевич Герштанскийдің мезгілсіз қайтыс болуына байланысты туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мұнайшы-геологтардың қазақстандық қоғамының, министрліктің жанындағы Көмірсутек кен орындарын барлау және игеру жөніндегі орталық комиссиясының мүшесі болды, "KAZENERGY" қауымдастығының Ғылыми-техникалық кеңесіне кірді, 100-ден астам ғылыми мақаланың, 82 өнертабыстың және 5 монографияның авторы.

Еңбек жолындағы ерекше жетістіктері үшін ол мемлекеттік марапаттармен – "Құрмет", "Парасат" ордендерімен, "Ерен еңбегі үшін" медалімен және басқа да медальдармен, сондай-ақ "Қазақстанның еңбек сіңірген геологы", "Мұнай-газ саласының еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атақтарымен марапатталды.

"Олег Сергеевич жарқын ғұмыр кешті, әрдайым белсенді азаматтық ұстанымда болды, оны терең адамгершілік қасиеттері, жоғары кәсібилігі және өз ісіне деген адалдығы ерекшелендірді.

Геологтар мен геофизиктер қауымдастығы өзінің ең қымбатты мүшелерінің бірін – еліміздің мұнайшылар дәстүрін сақтаушы әрі қорғаушы тұлғасын жоғалтты", - деп жазды ведомстводан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу