Маңғыстаудағы теміржол стансасында қызметкердің мәйіті табылды

265

Аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Маңғыстаудағы теміржол стансасында қызметкердің мәйіті табылды Фото: pikabu.ru

Маңғыстау облысындағы теміржол стансаларының бірінде айырма кезекшісі жұмыс орнында қайтыс болды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Lada.kz мәліметінше, 5 шілде күні таңертең Маңғыстау облысындағы №13 теміржол айырымында 1983 жылы туған станса кезекшісі өмір белгілерінсіз табылған.

Бұл ақпаратты Полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

– Теміржол ұйымы қызметкерінің кенеттен қайтыс болу фактісі бойынша Маңғыстау стансасындағы көліктегі полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады, – деп хабарлады ведомство.

Алдын ала мәлімет бойынша, қызметкердің өліміне созылмалы жүрек ауруы себеп болуы мүмкін.

Қазір қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

Оқиға орнына жедел жәрдем бригадасы мен полиция қызметкерлері шақырылған. Дәрігерлер келген кезде қызметкердің қайтыс болғанын тіркеген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу